
«Қосшы Су» ШЖҚ МКК-де кадр жұмысы саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын жүзеге асыру мәселесіне арналған ұжымдық кеңес өтті. Жиында кадр жөніндегі бас маман баяндама жасады.
Баяндамашы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес кәсіпорындағы кадрлық мәселелер заң талаптарын қатаң сақтай отырып және әділдік қағидаттарына негізделе шешілетінін атап өтті. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – еліміздің мемлекеттік саясатындағы басым міндеттердің бірі. Осыған байланысты кәсіпорында жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған жүйелі жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Өйткені ашықтық пен адалдық қағидаттары ең алдымен кадр саясаты арқылы қалыптасады.
Кәсіпорында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мынадай шаралар жүзеге асырылуда:
- барлық бос жұмыс орындары Enbek.kz порталында жарияланады;
- қызметкерлерді жұмысқа қабылдау жөніндегі шешімдер арнайы комиссияның қарауымен қабылданады;
- басшылық және материалдық жауапкершілігі бар лауазымдарға үміткерлер белгіленген тәртіппен тексеруден өтеді;
- жұмысқа қабылданатын әрбір қызметкер сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемеге қол қояды.
Бүгінде кәсіпорын қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қатысты құқық қорғау органдары тарапынан тексеру жүргізу туралы нұсқамалар тіркелмеген. Сондай-ақ кадр қызметінің жұмысына байланысты расталған шағымдар да жоқ.
«Қосшы Су» ШЖҚ МКК алдағы уақытта да ішкі бақылау тетіктерін жетілдіріп, қызметтің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыра береді.
*
В ГКП на ПХВ «Косшы Су» состоялось рабочее совещание коллектива, посвященное реализации антикоррупционной программы в кадровой деятельности. С основным докладом выступила главный специалист по кадрам.
Спикер разъяснила, что в рамках Закона РК «О противодействии коррупции» любые кадровые решения на предприятии базируются исключительно на принципах законности и объективности. Противодействие коррупции является одним из главных приоритетов государственной политики Республики Казахстан, и наше предприятие ведет системную работу по минимизации рисков. Именно в кадровой службе закладываются основы прозрачности и формируется честный кадровый потенциал.
Кадровые меры по предупреждению коррупции в «Косшы Су»:
• Все вакансии предприятия открыто публикуются на портале Enbek.kz.
• Решения о приеме на работу принимаются комиссионно, что полностью исключает субъективизм и личные связи.
• Все кандидаты на руководящие и материально-ответственные должности проходят обязательную проверку.
• При приеме на работу каждый сотрудник в обязательном порядке подписывает обязательство о соблюдении антикоррупционных стандартов.
Важно отметить: на предприятии не зафиксировано предписаний от правоохранительных органов о проверках коррупционных правонарушений, а в кадровой службе отсутствуют подтвержденные жалобы. ГКП «Косшы Су» продолжает совершенствовать внутренние механизмы контроля и делать рабочие процессы максимально прозрачными для общества.