2026 жылғы 27 наурыздан бастап су есептеу аспаптарын (жеке есептеу құралдарын) таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Құжат аспаптарды орнатуға қойылатын талаптарды күшейтіп, цифрлық есепке көшуге басымдық береді.

Енді деректерді қашықтан беру негізгі элементке айналады: көрсеткіштер адам қатысуынсыз, автоматты түрде, сымсыз технологиялар арқылы берілуі тиіс.

Автоматтандырылған есепке алу жүйелері (АЕАЖ) ұғымы енгізілді — бұл енді жай ғана есептегіш емес, су, жылу, электр энергиясы және газ бойынша деректерді жинайтын, сақтайтын және беретін толыққанды жүйе.

Маңызды: есептеу аспаптарын орнату және оларға қызмет көрсету жұмыстары тек лицензиясы бар ұйымдарға ғана рұқсат етіледі.

Негізгі өзгеріс — деректерді беру технологияларына қатысты:
NB-IoT технологиясы Қазақстан бойынша базалық стандарт ретінде айқындалды.
LoRaWAN технологиясы тек NB-IoT желісінің тұрақты қамтуы жоқ жерлерде ғана қолданылады.
Сондай-ақ сенімділікті арттыру мақсатында аралас (комбинацияланған) шешімдерді қолдануға жол беріледі.

____

С 27 марта 2026 года вступают в силу изменения в правила выбора, монтажа и эксплуатации ИПУ воды. Документ усиливает требования к установке приборов и делает акцент на переход к цифровому учёту.

Теперь дистанционная передача данных становится ключевым элементом: показания должны передаваться автоматически, без участия человека, через беспроводные технологии.

Введено понятие автоматизированных систем учёта (АСУЭ) — это уже не просто счётчик, а целая система, которая собирает, хранит и передаёт данные по воде, теплу, электроэнергии и газу.

Важно: работы по установке и обслуживанию приборов учёта разрешены только лицензированным организациям.

Главное изменение — в технологиях передачи данных:
NB-IoT определён как базовый стандарт по Казахстану.
LoRaWAN допускается только там, где отсутствует устойчивое покрытие NB-IoT.
Также возможны комбинированные решения для повышения надёжности.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *